Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәрігер 7 жасар баланың төсекке жіберіп қоюының себебін айтты

Дәрігер 7 жасар баланың төсекке жіберіп қоюының себебін айтты
Сурет: mel.fm
7 жастан жоғары баланың зәр ұстай алмауын біз қалыпты емес

Педиатр Әбжан Әзиза балалардың зәр ұстай алмауы (энурез) туралы айтып, қай жаста бұл қалыпсыз саналатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, 7 жасқа дейін балада зәр шығару жүйесі толыққанды дамымаған. Сол себептен оның миына қуығының толғаны туралы сигнал келмейді екен.

"Балалардың кіші дәретін ұстай алмауы ғылыми тілде энурез деп аталады. Негізі энурез 5-7 жасқа дейін қауіпсіз. Себебі 5-7 жас аралығында орталық жүйке және зәр шығару жүйесі толыққанды дамымағандықтан бала түнде ұйықтап жатқанда миға қуығының толғаны жайлы сигнал келмейді. Соның нәтижесінде, бала төсекке кіші дәретін жіберіп қояды. Ал 7 жастан жоғары баланың зәр ұстай алмауын біз қалыпты емес деп санаймыз", - деді дәрігер Әзиза.

Дәрігердің сөзінше, энурез туындауының негізгі себептеріне күйзелістік фактор, тұқымқуалаушылық, зәр шығару жүйесіндегі қандай да бір патология, орталық жүйке жүйесіндегі қандай да бір патология, яғни неврологиялық аурулар жатады екен.

"Кіші дәретін жіберіп қою балаға да, анасына да жағымсыздық тудырады. Мысалы, анасы баласымен сөйлеседі. Біз бір ай бойы сенің құрғақ болып оянған күндеріңді осы күнтізбеге белгілеп отырамыз. Егер сенің бір айда құрғақ болып оянған күнің 20-25 күн болса, саған осындай сыйлық аламыз. Одан кейін енді келесі айда 27 күн құрғақ оянсаң, саған мынадай сыйлық аламыз. Одан кейін үшінші айда енді 30 күн бойы сен кіші дәретіңді жібермесең, мен саған осындай сыйлық алып беремін деп баланы ынталандырамыз. Және де түнгі бір уақытқа балаңыздың төсегінің жанына оятқыш қоясыз. Ол оятқышқа сіз емес, балаңыз оянып үйренуі керек", - деп кеңес берді дәрігер Әзиза.

Егер бала түнде кіші дәретін ұстай алмаса, педиатрдың кеңесін алу керек. Одан кейін невропотолог, урологқа жүгіну қажет. Ал балада энурездің ешқандай медициналық себебі табылмаса, балалар психологының көмегіне жүгінуге кеңес береді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар