Телефоныңызды ұрлатқан кезде бірінші не істеу керектігін біле жүріңіз
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
- 6.2k
Бүгінде мобильді құрылғының жоғалуы үлкен мәселе туындатып, жағымсыз салдарға – сіздің дербес ақпаратыңыздың жария болуына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат аегнттігі Fingramota.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші қадам: SIM-картаны бұғаттаңыз. Бұл өте маңызды, себебі алаяқтар сіздің SIM-картаңызды басқа адамдарға қоңырау шалу және SMS немесе мессенджерлер арқылы зиянды хабарламалар жіберу арқылы пайдалана алады.
Мысалы, алаяқтар сіздің телефон кітапшаңыздағы байланыс иесіне WhatsApp-қа «Фотодағы сен бе?» немесе «Қарашы, мынау қызық екен» деген мәтіні бар файл жіберуі мүмкін. Ал ол файлды ашқаннан кейін пайдаланушының құрылғысына вирус жүктеледі.
Немесе алаяқтар ықтимал құрбандарға қоңырау шалып, дипфейкті пайдаланып, дауысыңызды салу арқылы шұғыл түрде ақша аударуды сұрауы мүмкін.
Егер қоңырау немесе хабарламалар сіздің телефоннан болса, оған қатысыңыз жоқ екенін дәлелдеу оңай болмайды. Сондықтан құрылғының жоғалуы анықталғаннан кейін ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне хабарласу өте маңызды.
Бұғаттаудан кейін SIM-карта қоңыраулар мен басқа операциялар үшін қолжетімді болмайды. Бөгде адамдар сіздің нөміріңізді пайдалана алмайды, сонымен қатар алаяқтық үшін төлемдерді растай алмайды.
WhatsApp-ты қалпына келтіру үшін сол телефон нөмірі бар жаңа SIM-картаны іске қосып, SMS-хабарламада немесе телефон арқылы алатын алты таңбалы кодты енгізу арқылы WhatsApp-қа қайта тіркелу керек.
WhatsApp-қа қайта тіркелгеннен кейін жаңа смартфон жоғалған немесе ұрланған құрылғыдағы WhatsApp есептік жазбаңыздан автоматты түрде шығады, себебі бұл мессенджердің ерекшелігі – оны бір уақытта тек бір телефон нөміріне тіркеуге болады.
Аккаунтқа кіруді қалпына келтіргеннен кейін құрылғыны қорғауды екі факторлы аутентификация, кіру коды, саусақ ізі бойынша бұғаттауды ашу немесе телефон үлгісі үшін қолжетімді басқа әдістермен орнату ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 50 жастағы ер адам әйелін қызғанып, буындырып өлтірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2024