Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
- 730
Ол адамдарды тек өзіне ғана сенуге шақырды
“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев өмірден баз кешіп, қиналып жүрген адамдарға ақылын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Айтуынша, қиналып жүргенін өзгеге қанша айтса да, ешкім сені түсіне алмайды.
“Шаршадым", "Мазам болмай жүр", "Түнімен ұйықтай алмай шықтым", "Проблемам бітпей кетті", деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені, біреудің басыдағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: “Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургеневтің: “Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі” деген екен”, – деп жазды әнші.