Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда 8 жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда 8 жаңа мереке пайда болады
Сурет: ingos.ru
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық еткен

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін ведомство басшысының бұйрығының жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылауға қолжетімді болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы кәсіптік мерекелер тізбесін мынадай күндермен толықтыруды көздейді:

Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар;

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі;

Теміржол көлігі күні – тамыздың бірінші жексенбісі;

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;

Автокөлік қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындраағы қызметкерлер күні – 10 қараша;

Қылмыстық-атқару жүйесі күні – 13 желтоқсан.

Бұдан басқа, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты аталған тізбеден Ұлттық баспасөз күні мен радио күнін алып тастау жоспарлануда.

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық етті, – деп нақтылады министрлікте.

Бұйрықтың жобасымен "Ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар