Ол қайтыс болған күні Рождестволық шоуда өнер көрсетуі керек болған.
Токиода жапониялық әнші әрі актриса Михо Накаяма өз үйінде өлі табылды. Ол 54 жаста еді. Бұл туралы DailyMail жазды
Михо Накаяма өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылған. Актриса жұмысқа бармаған соң, оны әріптестері іздей бастаған, кейіннен оның мәйіті үйінен анықталды. Өлімнің себептері анықталып жатыр.
Михо Накаяма жапон музыкасының, теледидар мен киносының жұлдызы болды. Оған әлемдік даңқ 1995 жылы Жапонияда көптеген марапатқа ие болған Love Letter фильміндегі басты рөлдің арқасында келді, сол кезде Накаяма үздік актриса ретінде танылды.
Қайғылы оқиға болған күні Накаяма Осакадағы Рождестволық шоуда өнер көрсетуі керек еді. Михо Накаяманың артында бұрынғы күйеуі, музыкант Хитонари Цудзи екеуінің ортақ ұлы қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Калейдоскоп
12 өңірге ескерту жарияланды: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024