Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды

Алматыда ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды
коллаж kyn.kz
39 жастағы әйелді киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған.

KYN.KZ  басылымының хабарлауынша, Алматы қаласы Түрксіб ауданында 39 жастағы әйелдің денесі ала сөмкеге оралған күйде табылды. Белгісіз біреу пакетке келіншекті киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған.

Бір апта бойы көп қабатты үйдің жанында жатқан сөмкенің ішінде адамның денесі барын ешкім байқамаған. Тұрғындар аса жауыздықпен өлтірілген келіншекті танып отыр деп Stan.kz сайты мәлімдеді.

Ернат Багаев Түрксіб ауданында он жылдан аса уақыт тұрады. 5 қараша кешкі сағат 18:00-де 39 жастағы келіншектің денесін құзырлы органдар тапқанда куәгер болған. Сөзіне сенсек, ала сөмкеде киіміне ораулы жатқан Гаухар есімді келіншек. Аулада үнемі мас күйінде жүретін оны соңғы кезде көрінбей кетті дейді. 

"Полиция сөмкені ашқанда мен қарай алмадым, бірақ оның Гаухар есімді келіншек екенін таныдым. Үнемі мас күйінде аула жанында жүретін. Бұл сөмкенің осы жерде тұрғанына бір аптадай уақыт болған, бірақ оның не екеніне ешкім мән бермепті. Өлі адамның денесі табылғанда қорқып кеттік. Ауладағы үлкен кісілер қол-аяғы кесулі болған деп жалған ақпарат айтып жатыр. Мүлде олай емес. Келіншекті бүктеп өз киіміне ораған, сосын аузып әбден скотчпен орап, ешкім көрмейтін бұрышқа тастап кетіпті", – дейді Ернат. 

Осы ауданның тұрғыны Марзия Танжарықованың айуынша, бұл оқиғадан соң балаларын үйден шығаруға қорқып қалған. Балаларым, немерелерім үшін уайымдаймын. Бұл жағдайды енді естіп отырмын. Шынымды айтсам қатты қорқып қалдық. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

Бұл фактіге қатысты полиция түсініктеме берді.

"Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шараларының кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды",- дейді полиция басқармасы. 





 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар