Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бас тартқан емеспін»: Айқын Төлепберген әйелінің екінші рет тұрмысқа шығуына қарсы болуының себебін түсіндірді

«Бас тартқан емеспін»: Айқын Төлепберген әйелінің екінші рет тұрмысқа шығуына қарсы болуының себебін түсіндірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Әнші бірінші әйелінің ақылды, дана екенін айтады

Белгілі әнші Айқын Төлепберген бірінші әйелінің екінші рет тұрмысқа шығуына не себепті қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында әңгімеледі.

«Бұрын тыйым салғанмын. Белгілі бір уақыт өтсін, балалар өссін дедім. Қазір екінші рет тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы», — деді әнші.

Айқын Төлепберген алғашқы некесінен туған екі баласына да пәтер сыйлағанын және әйеліне компания ашып бергенін айтты.

«Бірінші әйелім ақылды, дана адам. Ересек адам ретінде мұның өмір екенін түсінді. Балаларды маған қарсы қойып ештеңеге қол жеткізе алмайтынын білді. Ажырасқан соң қолымда барын бірінші отбасыма қалдырдым. Жақсы ауданнан алған коттеджімді үлкен балама қалдырдым. Атакенттегі пәтерімді қызыма бердім. Бірінші әйеліме көлік алып бердім. Компания ашып бердім, ақша бердім. Әлі күнге дейін асырап келемін. Бұдан бас тартқан емеспін», — деді Айқын Төлепберген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар