«Кеткен адамның халін сұрамайды»: Айнұр Жүгінісова төркінімен жиі сөйлесетін келіндерді сынға алды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 желтоқсан, 2024
- 1.3k
Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова бір үйге келін болып түскен қыздың төркінімен күн сайын телефонда сөйлесуіне қарсылығын білдірді. Айтуынша, бұл жаңа отбасына сіңісуіне кедергі болады екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айнұр Жүгінісова «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол қыз баланың жаңа отбасыға бейімделуі үшін белгілі бір тәртіптің болуы маңызды екенін атап өтті.
«Қазір ажырасудың бәрі неден болып жатыр? Бүгін түседі де, ертең «дочка как ты?» деп звондап тұрады. Бұл дұрыс емес. Сен қызыңды бердің ғой. Өз үйін таптың деп қуанып отырсың. Қазақта аурудың ғана хәлін сұрайды. Кеткен адамның қалын сұрамайды. Сен оған қуанып жүрегің жайланып отыруың керек. Сен ана кісілерге сенбей отырсың. Таңертең тұрып алып «Әй қызым қалайсың?» деп хабарласып оның халін біліп. Өзің артыңа қарама деп шығарып салдың. Онда өзіңнің сөзіңе тағы да қарсы шығып жатсың ғой», – деді Айнұр Жүгінісова.
@podkasty_filmy #momskiy_angime #подкаст #momskiyangime #айнурильясова #miraszhugunusov #zhugunussov #ainurzhugunussova ♬ оригинальный звук - Интересные подкасты, фильмы.