Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ата-аналар қаржыны жастарға берсе»: Қазақстанның оңтүстік өңірінде той өткізудің ережелері бекітілмек

«Ата-аналар қаржыны жастарға берсе»: Қазақстанның оңтүстік өңірінде той өткізудің ережелері бекітілмек
Сурет: pixabay.com
Әкімнің айтуынша, тойға байланысты арнайы ереже, кодекс дайындалған

Журналистер орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтен той өткізудің ережелерін бекіту жайлы сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Той мәдениетін қалыптастыру ұсынысы әкімге облыс ақсақалдарынан түскен.

"Жақында сараптама жүргіздік. Тараз бен аудан орталықтарын алып қарасақ, жұма, сенбі мен жексенбі күндері тойға 300-ге жуық адам келеді. Мұны той санына көбейтсек, демалыста әр күні тойға 20-25 мың адам қатысады. Сондықтан біз той жүргізушілері – асабаларды жинадық. Сосын олармен бірге арнайы ережелер, кодекс дайындадық. Әкімдік тарапынан, ішкі саясатқа жауапты менің орынбасарым бұл іспен айналысады", – деді Қарашөкеев. 

Жамбыл облысының әкімі ата-аналар тойға жұмсалатын шығындарды жастарға жинап бергенін жөн санайтынын айтады.

"Меніңше, ата-аналар бұл қаржыны жинап, жастарға көмектессе, жақсы болар еді. Мұнда шамадан тыс шығындалмау үшін белгілі стандарттар керек. Бұл мерекелік шараларды өткізу барысында тәртіп бұзушылыққа жол бермеу қажет. Бұл асабалармен бірге істелетін жұмыс", – деді облыс әкімі. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар