Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әруақ сыйламағанмен бірдей»: жақында әпкесінен айырылған Сәкен Майғазиев тойға барамын деп сынға қалды

«Әруақ сыйламағанмен бірдей»: жақында әпкесінен айырылған Сәкен Майғазиев тойға барамын деп сынға қалды
Сурет: ашық дереккөздерден
Өнер иесі Серікзат Дүйсенғазының 50 жас тойы мен шығармашылық кешіне барған

“Музарт” тобының әншісі, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев тойға барғаны үшін көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әншінің оқырмандары жақында ғана оның әпкесі қайтыс болғанын есіне салды. Сәкен Майғазиев Серікзат Дүйсенғазының 50 жас тойына барған.

“Екінші қызымыз Мәриямның кіндік әке-шешесі, досымыз Серікзат Дүйсенғазының 50 жасына келіп қалдық. Той да, шығармашылық кеш те керемет өтті. Сәкең мен Айнұр – біздің отбасылық достарымыз. Амандықта жолығайық! Жақсы күндер көп болсын”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің тойыға барғанын жақтырмай қалды. Олар “Бұл әруақ сыйламағанмен бірдей”, “40 күндігін өткізіп шығу керек”, “Жақында ғана әпкесі қайтқан жоқ па, неге той тойлап жүр”,  “Той-томалаққа әзір бармағаны дұрыс еді” деп жарысу жазуда.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар