Мәдениет
Рымбаева немерелі болғалы өзінің қатты өзгергенін айтты
- автор kyn.kz
- 10 желтоқсан, 2024
- 453
Әнші: Бұрындары немересін айтаберетін құрдастарыма ашуланатынмын.
Роза Қуанышқызы журналист Ләйлә Сұлтанқызына немересінің тәрбиесі туралы айтып берді.
“Адам немерелі болғанда мейірімің екі есе көп болады екен. Одан кейін өзінің балаларың өсіп кеткеннен кейін кішкентай нәрестені сағынасың. Бұл деген екі есе жауапкершілік. Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. Әже болғаннан кейін еркелеткім келеді. Сондай ерекше қасиет пайда болады екен. Бұрын құрдастарыма "Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер. Сенің емес, балаңның баласы ғой" деуші едім. Сол кезде олар "Рымбаева басыңа келгенде түсінесің" деп жауап беретін. Тура сол басыма келді. Немереден тәтті бала жоқ екен", – деді өнер иесі.