Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2024
- 994
Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, полиция подполковнигі Асқар Жетегеновті ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, ұстау орнында Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі жұмыс істеді. Алайда Алматы департаменті оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты. Редакция оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін Бас прокуратураға сұрау жолдады.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Жетегеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы — «Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу мақсатында тасымалдау» бойынша күдік келтірілген.
Samruk Business Academy қызметкерлері үндеу жасады
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте туған әкесі 15 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025
Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025




