Мәдениет
Сот кафедегі төбелес үшін 6 жарым жылға қамалған актердің неге ерте босатылғанын түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2024
- 505
Актердің өтелмеген жазасы, яғни 2 жыл 5 ай 11 күні – 670 мың 797 теңге айыппұлмен ауыстырылды
Актер Асқар Жұмабек абақтыдан мерзімінен ерте шықты. Сот мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, актер 2023 жылы Алматыда Little Brazil караоке-барында жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға сотталған болатын. 2024 жылы 20 тамызда Жоғарғы сот актердің бас бостандығынан айыру мерзімін 4 жыл 15 күнге дейін қысқартты.
Сотта ол жасаған қылмысына өкініп, кешірім сұрады. Жәбірленушілердің адвокаты келтірілген материалдық және моральдық залал толығымен өтелгенін, сотталғанды кешіретінін айтты. Сот айыпталушының арызын қанағаттандырды. Осылайша актердің өтелмеген жазасы, яғни 2 жыл 5 ай 11 күні – 670 мың 797 теңге айыппұлмен ауыстырылды.