Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қара тауымыз құлады":Берік Уәли әкесінің қазасына байланысты өзін демегендерге алғыс айтты (ФОТО)

"Қара тауымыз құлады":Берік Уәли әкесінің қазасына байланысты өзін демегендерге алғыс айтты (ФОТО)
Әлеуметтік желіден
Берік Уәли: Көкжал мінезді адам еді...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли 75 жасқа толған әкесі Уәли Құрманғалиұлынан айырылды. Берік Уәли қиын сәтте өзін қолдап, демеу болған жақсы адамдарға алғысын жеткізді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Қайырылмас қаза келіп, қара тауымыз құлады. Қара орманымыз сиреді. Әулетіміздің басына ауыр қайғы түсті. Асқар тау әкеңнің қалқайып отырғаны арқаңды алыпқа сүйегендей көңілге медеу, жаныңа сүйеніш екен. Қанша сыйлап жүрсең де, қанша сырлас болсаң да жүректе орыны толмас қара жылым қалады екен. Жарықтық, көкжал мінезді адам еді. Жайнаған туы жығылмай өтті.

Жалғанды жалпағынан баспаса да, жанын кірлетпей, жігерін жасытпай жақсы күнге жеткен кісі болатын. Тек, соңғы бірнеше жылда айықпас дертпен алысты. Сынбай күресті. Алланың бұйрықты күні жетсе, кесімді уақыты бітсе, адамның қолынан не келмек?! Айы біткен айында, күні біткен күнінде барша адамның мәңгілік тыныс табар мекені бауыры суық қара жер екен.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлынан бастап, бәрі де ізгі тілеуін, қамқор пейілін көрсетті. Сіздерге Алла жар болғай! Алдағы Алла несіп еткен күндерде баршаңыздың айналаңыз аман, төңірегіңіз түгел есендікте, бес күн дәуреннің сәулелі сәттеріне куә болуға жазсын! Жан әкеміздің жарық дүниемен бақұлдасқанына көңіл шіркін әлі сенбей тұрса да, асқар тауымыздан айырылғанымыз белгілі. Үмітті дұғамызбен мәңгілік мекеніне тапсырдық. Жатқан жерің жарық, иманың саламат болғай, асыл әке! Артыңда қалған әулетің мен жанашыр жақынның тілеген дұғасына періште әумин десін! Бақұл болыңыз, Әке", - деп жазба қалдыр Берік Уәли. 

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар