Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың әкесінің үстінен жаңа іс қозғалды: адвокат мәлімдеме жасады

Шерзат Болаттың әкесінің үстінен жаңа іс қозғалды: адвокат мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық бабымен қамауға алынған, қорғаушы оған берілген жазаны заңсыз деп санайды

Талғарда аяусыыз өлтірілген Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу ісі басталды. Оның адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Талғар оқиғасына қатысты маңызды мәлімдеме жасауды қажет деп ойлаймын. Айта кететін жайт, біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды ұстауды сұрамады. Марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға туыстары келісім бермеді. Қаржаубайға 15 тәулікке қамау тағайындаған сот қаулысы заңсыз деп санаймыз. Сот барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілді. Бұл шешімге апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК 202-бабы («Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша соталды тергеуді бастады» деп жазды адвокат желіде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар