«Шерзат үшін»: Астанада ер адам плакат ұстап, көшеге шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2024
- 750
Астанада ер адам көшеге «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакат ұстап шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Astanovka98 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бірақ көп ұзамай Мәңгілік Ел мен Қонаев көшелерінің қиылысында пикетке жалғыз шыққан азаматты полиция қызметкерлері ұстап әкетті.
Осыған дейін Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды рұқсат етілмеген митингтерге қатыспауға шақырған болатын.
«Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ол үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 400-бабы) жауапкершілік қарастырылған», — деді Астана қалалық полиция басқармасы.
Айта кетсек, Шерзат Болаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бүгін отбасының адвокаты кейбір ақпаратты жоққа шығарды.
Ұқсас жаңалықтар
"Үйінің жанында асылып қалған": Алматыда оқушы өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
Перизат Қайраттың анасы қазір қайда?: Антикор жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025