Жігіттерге жұдырық ала жүгірген: трансгендер Амилай қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:09
- 80
Белгілі трансгендер Амилай қамауға алынды. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бірнеше күн бұрын блогердің Алматыда белгісіз жігіттермен төбелескен видеосы тараған болатын.
Аталмыш оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында орын алған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген.
Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады.
Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындап, болған жағдайға өкінетінін айтқан. Бірақ танымайтын жігіттердің оны қорлап, балағат сөздер айтқанын атап өтті.
Трансгендер 7 тәулікке қамауға алынды. Ол 11 желтоқсанда сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.
Айта кетсек, осыған дейін трансгендер Амилайдың әскерге шақырту алғандығы туралы жазған едік.