Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әлі тірі жүрген сияқты сезінеді»: Сәкен Майғазиев әпкесі туралы жазба жариялады

«Әлі тірі жүрген сияқты сезінеді»: Сәкен Майғазиев әпкесі туралы жазба жариялады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Анамды күнде бір көрмесе көңілі көншімейтін. Анам да тұла бойы тұңғышын “Жанымдағы жарығым”, дейтін

“Музарт” тобының әншісі, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев әпкесі туралы жазба қалдырып, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әпкесі т уралы естелігімен желідегі парақшасында бөлісті.

«Жақын жанын жоғалтқан әжесінің сары уайымын сейілтейін деп немересі:
– Әже, психолог алдырайын ба?, – деп сұрапты.
– Балам, ағайын-туыстан, көрші-көлемнен, құда-жекжаттан, ауылдастардан асқан психолог бар ма. Келім-кетім адамдар-ақ жарамды жазып, жүгімді жеңілдетіп, жұбатып жатыр ғой” депті. Ол рас. Қайтыс болған әпкем Созақта тұратын. Үй арасында екі-ақ үй бар. Анамды күнде бір көрмесе көңілі көншімейтін. Анам да тұла бойы тұңғышын “Жанымдағы жарығым”, дейтін. Жездем мен әпкемнің үш қызы, екі ұлы, 12 немересі бар, АЛЛАға шүкір. Жылатуға емес, жұбатуға барып, анамызды тұңғиыққа түсіре бермей, көңілін көтеріп қайтуға тырысып жүрміз. Біз қайғыра берсек анамызға да қиын тиеді. Кейде, әлі тірі жүрген сияқты сезінеді», – деді әнші. 

Әнші ауылына барып әпкесінің қырық күндік асын бергенін айтты.

«Бүгін ауылға барып, әпкеміздің қырық күндік асын беріп, Құран бағыштадық. Я, раббым, қабыл болған игі амалдардан ете гөр. Әпкемізге Фирдаус жәнаттын нәсіп ете гөр. Қайғы көрмейік, құрметтілерім. Тек жақсылық болсын», – деп жазды мәдениет қайраткері. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар