Әйелін 10 жыл бойы 50 шақты еркекке зорлатып келген ер адам сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
- 17
Францияда 10 жыл бойы өзінің әйелін бірнеше еркекке зорлатып келген. Бұл әрекеті үшін сот 71 жастағы Доминик Пеликоны "ауырлатылған жағдайдағы зорлық-зомбылық" деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі France Presse басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Пелико әйеліне транквилизаторлар беріп, оны ер адамдардың топтық зорлауына қатысуға мәжбүрлеген. Бұл іс бойынша айыпталған 50 адамның ешқайсысы да ақталмады.
Сот төрағасы Роже Арата ер адамды өз әйелі Жизель Пеликоға қатысты ауырлатылған жағдайдағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Доминик Пелико он жыл бойы өзінің бұрынғы әйелі Жизельді транквилизаторлармен улап, оны интернет арқылы табылған ондаған ер адамдарға "сексуалдық объект" ретінде берген.
Бұл қылмыс Жизель Пеликоның келісімінсіз, шамамен он жыл бойы Францияның Мазан қаласындағы ортақ үйінде болған. Сот процесі 4 айға созылған бұл оқиға Франция тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай ретінде есте қалады.
27-ден 74 жасқа дейінгі 50 айыпталушыны үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айырудан бастап, 13 жыл түрмеге жабуға дейін өзгеріп отырды. Әйелге "қол тигізу" әрекеті үшін айыпталған адамға ғана аз жаза берілді.
Сот үкімін тыңдауға Пелико отбасының үш ересек баласы – Давид, Каролина және Флориан қатысты. Олар әкелерінен бас тартып, оны ешқашан кешірмейтіндерін мәлімдеді. Ал 72 жастағы Жизель, сот залына адвокаттарымен бірге, көпшілік қол шапалақтаған кезде келді.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында мұғалім оқушының үстінен арыз жазды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
Шерзат Полаттың әкесінің қамаудан қашан шығатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024