Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелдің үйіне мас күйінде кіріп зорламақ болған: Жетісу облысының әкімі бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді

Әйелдің үйіне мас күйінде кіріп зорламақ болған: Жетісу облысының әкімі бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді
Сурет: СЦК
Бейбіт Исабаев сот шешіміне құрметпен қарайтынын, қызметкердің кінәсі дәлелденгеннен кейін ол жұмыстан шығарылғанын айтты

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев әйел адамның үйіне мас күйінде рұқсатсыз кіріп, зорламақ болған бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің бірі Бейбіт Исабаевтан бұрынғы Ақсу ауылдық округі әкімінің қоғамда резонанс тудырған ісі туралы пікір білдіруін, бір жылға бостандығын шектеу қаншалықты әділ шешім болғанын сұрады. Бейбіт Исабаев сот шешіміне құрметпен қарайтынын, қызметкердің кінәсі дәлелденгеннен кейін ол жұмыстан шығарылғанын айтты.

"Бұл жерде зорлау фактісі емес біреудің үйіне рұқстсыз кіру бойынша іс қозғалды. Сот шешімі шықты. Әрине, бұл ұят іс. Мұндай нәрсе болмауы керек. Бұл оқиға басқа да мемлекеттік қызметкерлер үшін, соның ішінде аудан, ауыл әкімдеріне сабақ болу керек",- деді Исабаев.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Жетісу облысының тұрғыны жергілікті әкімге шағымданған болатын. Қарашада ауыл әкімі мен әкімдік қызметкері жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кірді деген айыппен сотталды. Айыпталушылар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар