Семейде жазушы, ұстаз Қуат Айтқалиев шырша безендіріп жүріп құлап, ауыр жарақат алды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 10:47
- 375
Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде жазушы, ұстаз Қуат Айтқалиев биіктен құлап, реанимацияға түскен. Оның досы, ақын Біржан Ахмердің жазуынша, ол №49 мектепте жұмыс істейді. Дәл қазір жазушы ұстаздың жағдайы ауыр деді ақын.
" Қазір науқастың жағдайы ауыр. Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін, – деп жазды ол.
Мұғалім Семейде тұрады. Қаладағы Шәкәрім университетін бітірген.
1993 жылы 31 қазанда Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық аудандық бірнеше жыр мүшәйраларыынң жеңімпазы. «Алақұлын, «Бір кесе мұң», « Ажал иесі» атты әңгімелері бар.