Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Отырып сыра іштік депті»: Алматыда қызының мәйітін сөмкеден тапқан ана тергеушілерге наразы

«Отырып сыра іштік депті»: Алматыда қызының мәйітін сөмкеден тапқан ана тергеушілерге наразы
Сурет: Видеодан скриншот
39 жастағы Гаухар Бақанова Түрксіб ауданындағы дәмханалардың бірінде істеген

Айуаннан бетер әбден азаптаған. Алматыда қызының мәйітін скотчпен оратылған күйі сөмкеден тапқан ана тергеушілердің әрекетіне наразы. Жанна Тұрсынбаева 39 жастағы қызын бір емес, бірнеше адам азаптап өлтірген деп санайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Өйткені марқұм Гаухар Бақанованың мәйітін алғаш тексерген кезде мамандар оның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін анықтамаған. Бірақ қара жамылған ана бұл шешіммен келіспей отыр. Айтуынша, Гаухардың денесінің сау-тамтығы жоқ. Анасы күдікті азаматты бұрын-соңды көрмегенін, қызының ол адаммен таныс болмағанын айтады.

«Бұл жалғыз емес деп ойлаймын. Бір адам істеген жоқ. Тістен дым жоқ. Көзі жоқ, ашылмайды. Өз еркімен кірген депті, білмеймін ғой. Сол кіргенде де, анадай етіп өлтіре ме?! Ол жерде отырып сыра іштік депті, 15 минут душка кіріп кетсем, осындай өлі жатыр депті. Үш қызына анасын қайдан тауып беремін», - марқұм Гаухардың анасы Жанна Тұрсынбаева.

39 жастағы Гаухар Бақанова Түрксіб ауданындағы дәмханалардың бірінде істеген. Күдікті азаматпен оның қалай танысқаны белгісіз.

Еске салсақ, бұл жантүршігерлік оқиға осыдан екі апта бұрын болған. Көпқабатты үйлердің арасында әйелдің денесі салынған сөмке бірнеше күн бойы тұрған. Оны маңайды жуып тазалайтын әйел алғашқылардың бірі болып көріп полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары көпке ұзатпай күдіктіні қамады. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпаратты жарияламай отыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар