«Қара жұмысшы ретінде пайдалануды қою керек»: тележүргізуші Семейде шыршадан құлаған мұғалімге қатысты шындықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2024
- 269
Белгілі тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат Семейде шыршадан құлаған жас мұғалімге қатысты пікір білдірді. Ол ұстаздарды қара жұмысшы ретінде пайдалануды қою керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.
«Есеп деп қағазға көмдік, үлкен науқандарға жұмылдырдық, массовкаға пайдаландық енді, шырша безендіртіп қойдық. Ұстаздың міндеті бала оқыту емес пе еді?!
Семейде орталық алаңда №49 мектептің мұғалімі Қуат Айтқалиев шырша құрып жатып, 5 метр биіктіктен құлаған. Бас сүйегі сынып, миына зақым келген. Қазір ауруханада жатыр. Жары Сымбаттың сөзінше, сенбі күні сағат 9-да шығарған шырша құруға. Қағаз жүзінде ешқандай бұйрық болмаған.
Қызметтік тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, аталған қайшылыққа жол берген 3 мектептің директорына қатаң тәртіптік жаза қолданылды. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Ал қаланың бас шыршасын орнатуға 25 миллион теңге бөлініпті. Әкімдіктегілердің айтуынша, ол жасанды желекті сатып алуға жұмсалған. Ал шыршаны волонтерлер құруы тиіс болыпты. Оның орнына мұғалімдерді міндеттеп, жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған қала әкімінің орынбасары да қатаң сөгіс алды.
Енді осы дұрыс па? Мұғалімді анда да, мында да жегіп, қара жұмысшы күші ретінде пайдалануды қою керек. Мүсәпір емес, мәртебелі етейікші! Қоғам сыйламаған ұстазды бала тыңдасын ба? Ал, тыңдамаған баладан білімді, тәрбиелі адам шыға ма?!», — деп жазды ол.
Қазақстанда доллар 7 теңгеге арзандады
Ұқсас жаңалықтар
"Өзіме жиі сұрақ қоямын": Айгүл Иманбаева ерекше жазба жариялады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2024