Басты жаңалықтар
Қазақстанда доллар 7 теңгеге арзандады
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2024
- 1.3k
Долларды сатып алудың орташа бағамы 515,35 теңгеге, сату құны 524,99 теңгеге тең
Қазақстанда доллар бағасы 7 теңгеге арзандады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 515,89 теңгені құрап, 7,47 теңгеге арзандады.
ҚР Ұлттық Банкі долларының 24 желтоқсандағы ресми бағамы 523,72 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 515,35 теңгеге, сату құны 524,99 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 517,79 теңгеден сатып алынады, сол сияқты 523,39 теңгеден сатылады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




