Қоғам
«Полиция бөлімінде істеген»: Астанада жас келіншек 9-қабаттан құлап, қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпаратты растады
Астанада әйел тұрғын үйдің тоғызыншы қабатының терезесінен құлап қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жергілікті полиция бөлімінде қызмет атқарған.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпаратты растады.
«Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Мәліметтер анықталып жатыр», делінген полиция хабарламасында.
Әзірге басқа ақпарат жарияланбайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




