Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: күдіктіге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2024
- 809
Қызылорда қалалық сотында 16 жастағы оқушыны жезөкшелікпен айнылысуға мәжбүрлеген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Соттың мәліметінше, сотталушы Ж жәбірленушінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Осылайша ол пайда тапқысы келген.
Прокурор соттан күдіктіні кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын мәлімдеді.
Сотталушының кішкентай баласының болуына байланысты сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, осыған дейін Қызылордада 16 жастағы оқушыны сексуалдық құлдықта ұстаған тағы бір күдіктеге сот үкімі шыққаны туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
«67 миллион қарыз»: Индира Елемес күйеуі мен Арман Дүйсенов арасындағы дауға нүкте қойды
- авторkyn.kz
- 14 желтоқсан, 2025
«Ақ бұлақ» тау-шаңғы курорты қысқы маусымды жаңартулармен бастайды
- авторkyn.kz
- 14 желтоқсан, 2025




