Қоғам
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма – СІМ жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Сыртқы істер министрлігінің ресми төрағасы Айбек Смадияровтың айтуынша, ұшақ бортында қазақстандықтардың болмаған
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бүгін таңғы уақытта Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми төрағасы Айбек Смадияров ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын айтты.
«Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары болмаған», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9:07-де Муан халықаралық әуежайына қонуға тырысқан. Алайда ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соқтығысқан.