Аяз ата болып киінген ер адам 6 жасар қызды зорлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 желтоқсан, 2024
- 3.2k
Аяз атаның киімін киген ер адам 6 жасар қыз зорлады, деп хабарлайды KYN.KZ nemolchi.uz парақшасына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Шишканов туралы жаппай жазуда. Жыл сайын мереке қарсаңында ол Аяз ата костюмін киіп, балаларға кәмпит таратады екен.
Қазіргі кезде Владимир Шишкановқа қатысты кәмелет жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деп үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұрын ер адам сотталған және 2009 жылдан 2012 жылға дейін психиатриялық клиникада емделген.
Ер адамға қатысты тағы бір іс қозғалған. Ол кәмелетке толмағандар бейнеленген порнографиялық материалдарды дайындаған.⠀
Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жазда ол таныстарының пәтеріндегі балконды жөндеген. 6 жасар қызымен жалғыз қалғаг ол балаға жыныстық зорлық жасады. Қазір Шишканов қамауға алынды, ол тергеу изоляторында отыр.