Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Кәпірлердің ойлап тапқан мерекесі”: Нұр-Мүбарак оқу орнының түлегі жаңа жылды тойлайтындарды күнәһар атады (ВИДЕО)

“Кәпірлердің ойлап тапқан мерекесі”: Нұр-Мүбарак оқу орнының түлегі жаңа жылды тойлайтындарды күнәһар атады (ВИДЕО)
Сурет:
Сонымен қатар ол «Жаңа жылыңмен!» деп құттықтау күнә болатынын айтты

Нұр-Мүбарак университетінің түлегі жаңа жылды тойлаған адамның күнәһар болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айнұр Қайратқызы өзінің ainur_ustaz деген instagram парақшасында айтты. Айтуынша, жаңа жылды “кәпірлер ойлап тапқан”.

«Әр жыл сайын атап өтілетін жаңа жыл мейрамын исламда тойлауға тыйым салынады. Біз барлық мұсылманға да мұсылман емеске де жақсылық тілейміз. Егер қазір кәпір адам жаңадан мейрам ойлап тапса, мысалы белгілі күнді белгілеп әр жыл сайын ол күнді атап өтетін болса біз оны қайталай алмаймыз. Жаңа жыл да сол секілді кәпірлердің ойлап тапқан мерекесі болған соң оны біздің тойлауымызға рұқсат жоқ. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. өз хадисінде былай дейді «кім қай қауымға ұқсаса, ол солардан». Ислам ғұламалары бұл хадисті былай түсіндірген «егер мұсылман адам кәпірлердің күпірлігінде оларға ұқпайтын болса діннен шығады, олардың ойлап тапқан әдетінде ұқсайтын болса, күнәһар болады», - деді Айнұр Қайратқызы.

Сонымен қатар ол «Жаңа жылыңмен!» деп құттықтау күнә болатынын айтты. Тіпті «рахмет» деп жауап беруге де болмайды екен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар