Басты жаңалықтар
Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақтан ақа шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды
Ақтау әуежайында ұшаққа қатысты мәселе туындағаны туралы ақпарат түсті. Оқиғаға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақау Бакуден (Әзербайжан) Ақтауға шыққан ұшақпен байланысты болған. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.
"Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) проблема туындады", – деп хабарлады ведомство.
Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды.
Әуежай ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп қосты министрлік. Мәселе Gulfstream жеке ұшағына қатысты болған.
Келесі мақала
Синоптиктер жаңа жылға ауа райы болжамын жасады
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда 15 елді мекенді су басу қаупі бар (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 наурыз, 2026
Басты жаңалықтар
Ресейдегі жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде отыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 наурыз, 2026




