Президент Тоқаевтың Жаңа жылды қайда қарсы алатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2024
- 873
ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл мерекесін қайда қарсы алатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мелекет басшысының Жаңа жылға қандай жоспары бар? Мейрамды қалай қарсы алады? Қаңтар айының алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды ойластырды ма? деген секілді сауалдарға ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы жауап берді.
«Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды», - дейді Берік Уәли.
Ұқсас жаңалықтар
Сот Қожамжаровтың туыстарының құны 2,6 миллиард теңге болатын мүлкін бұғаттады
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2025




