Мәдениет
«Иманымыз әлсіреп кетпесін»: Сара Тоқтамысова халықты жаңа жылда ысырап жасамауға шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2024
- 118
Жаңа жылда осы киноны көру керек немесе мына тасты алмаса бақыт келмейді деп сенуге болмайды
Белгілі айтыскер ақын жаңа жыл мерекесінде отшашу атып, ысырап ететін адамдарға ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жаңа жылда айтылатын түрлі нәрсеге сенбеуге шақырды.
“Ысырап ырысты қашырады. Байқаңыздар! Не нәрсе болса да шеттен шықпауға тырысыңыздар! Тіпті, жаңа жылда осы киноны көру керек немесе мына тасты алмаса бақыт келмейді деп сенуге болмайды. Әр нәрсеге сеніп, иманымыз әлсіреп кетпесін. Әсіресе, осы отшашу дегенді атпау керек. Дым пайдасы жоқ. Қаншама адам осыдан күйді. Сонда да қоймаймыз. Бала-шағаға эмоция болсын дейтіндер бар. Бір елде тарсылдаған дауыстан қаншама бала қорқып отыр. Мүлгіген тыныштықты аңсап келеді. Сондықтан балаға олай эмоция сыйламай-ақ қояйық”, – деді айтыскер ақын.