Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: адам танымастай өзгерген әйелге жұрт тәнді болды (ВИДЕО)

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: адам танымастай өзгерген әйелге жұрт тәнді болды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Айтуынша, тіссіз жүріп 4 баласын дүниеге әкелген

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім — 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

«12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті», — дейді ол.

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.

«Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін», — деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.

«Әр әйел бақытты болуға лайық», «Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады», — деп жазған олар.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар