Қоғам
Нью-Йоркте түнгі клубта белгісіз біреу оқ атты: зардап шеккендер бар
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қаңтар, 2025
- 710
Жарақат алғандар медициналық мекемелерге жеткізілді
Нью-Йорк штатының Квинс қаласындағы түнгі клубта белгісіз біреулер оқ атты. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.
Нью-Йорк полициясы Amazura түнгі клубының алдында болған жаппай атыс кезінде кем дегенде 11 адам жараланғанын хабарлайды. Көбінесе жасөспірімдер зардап шеккен. Жарақат алғандар медициналық мекемелерге жеткізілді.
Тәртіп сақшылары оқ атқан адам қаруланған болуы мүмкін екенін айтады.
Еске салсақ, осыған дейін АҚШ-та тағы бір қайғылы оқиға орын алған болатын. Туристерге танымал Француз орамында 1 қаңтар күні таңғы сағат 3:15-те Жаңа Орлеанда Жаңа жылды тойлау кезінде атыс болған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026
Қоғам
ҰБТ-дан 140 балл жинаған тараздық түлек екі бөлмелі пәтерге ие болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026




