Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр
Ақмола облысында Астана-Щучинск тас жолында 40 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады департамент.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Саудам жақсы жүруі үшін, берекелі табыс болуы үшін қандай дұға оқыған дұрыс
- авторkyn.kz
- 7 қаңтар, 2025