Бір моторлы төрт орындық van’s RV-10 ұшағы құлады. Oxu.Az мәліметінше, әуе кемесіндені 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұшақ 200 адам жұмыс істейтін Оңтүстік Калифорниядағы (АҚШ) Michael Nicholas Designs жиһаз қаптау зауытының төбесін тесіп өткен.
Ұшақ Оранж округіндегі Фуллертон муниципалды әуежайынан шыққаннан кейін бір минуттан кейін құлады.
Әуежай қызметкері Крис Виллалобос AP-ке ұшып шыққаннан кейін ұшқыш әуе диспетчерлеріне шұғыл қону үшін бұрылатынын айтқан. Ұшақ апатының себептері әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Ұшақ апаты 2 қаңтарда, жергілікті уақытпен сағат 14:00-де болды. Associated Press деректеріне сүйенсек, бірмоторлы ұшақ ұшқаннан кейін бір минут ішінде апатқа ұшыраған. Бұл оқиға муниципалдық Фуллертон әуежайының жанында, Диснейлендтен шамамен 10 шақырым қашықтықта болды.
Алғашқы деректер бойынша 11 адам жарақат алды деп хабарланды. Кейіннен Фуллертон полициясының өкілі Кристи Уэллс зардап шеккендер 15 болғанын жеткізді. Олардың тоғызы ауруханаға жатқызылды, ал қалған алтауы оқиға орнында медициналық көмек алды. Полицияның соңғы мәліметі бойынша, 18 адам зардап шекті, оның ішінде 10 адам ауруханаға жеткізілді.