«Медициналық тексеруден өтуге міндеттелді»: елімізде курьерлерге арналған жаңа талаптар енгізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қаңтар, 2025
- 621

Қазақстанда тамақ тасушы курьерлер денсаулығы туралы анықтама алу үшін медициналық тексерілуі керек. Яғни, гигиеналық дайындықтан өтуге міндеттелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тамақ жеткізу қызметіне қатысты жаңа талаптар енгізілді. Ендігіде курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапша болуы керек.
“Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді", – деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті.
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жетімдер үйінде кәмелет жасқа толмаған қыз зорланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025
+43°С дейін көтеріледі: маусым айына арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025