"Жансақтау бөлімінде": Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қаңтар, 2025
- 477
Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті. Бұл оқиға бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
19 желтоқсанда сол жақ көз аймағынан жарақат алған үш жасар бала аса ауыр, агональды жағдайда облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жатқызылды.
Баланың анасының айтуынша, оқыс оқиға болған. Ол кешкі ас әзірлеп жатқанда, бала орындықтан құлап, оның көзіне пышақ тиіп кеткен. Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«2024 жылғы 19 желтоқсанда полицияға үш жасар баланың көз жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 2024 жылдың 25 желтоқсанында қылмыстық іс «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» санатына ауыстырылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствода қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын, оның аясында істің мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын түсіндірді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған сәбидің жағдайы әлі ауыр екенін айтты.
«Бала жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
Саудам жақсы жүруі үшін, берекелі табыс болуы үшін қандай дұға оқыған дұрыс
- авторkyn.kz
- 7 қаңтар, 2025