Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды марқұм әкесінің бауырлары зорлап, жүкті қылған

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды марқұм әкесінің бауырлары зорлап, жүкті қылған
Сурет: газета.ру
Оны ағалары алты жыл бойы зорлаған

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды марқұм әкесінің бауырлары алты жыл бойы зорлап келген. Салдарынан оқушы қыз жүкті болып, сәби босанған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді.  

«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген. Былтыр желтоқсанда ол бала психологқа хат жазып, «өмір сүргім келмейді» деп айтқан. Бірақ, ешкім оған назар аудармаған. Оны ағалары алты жыл бойы зорлаған. Менің әріпестерім оқиға орнына барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», - дейді Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда мектеп психологтарының саны аз екенін және олар көп жағдайда дұрыс әрекет етпейтінін айтып өтті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар