Аппеллияция соты Гүлмира Сатыбалдыға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2025
- 467
Гүлмира Сатыбалдыға шыққан үкімді апелляция өзгеріссіз қалдырды. Ол 12 жылға кесілген жазаны өтейтін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша (126-бап - заңсыз бас бостандығынан айыру, 194-бап – аса ірі мөлшерде бопсалау, 389-бап – өзінше билік ету) айыпталған.
Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталды. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашуға тырысқан.
52 жастағы Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Мамандығы – мұғалім. Екеуінің ортақ үш баласы бар (ұлы Бауыржан және екі қызы: Аружан мен Дария).
Ұқсас жаңалықтар
Саудам жақсы жүруі үшін, берекелі табыс болуы үшін қандай дұға оқыған дұрыс
- авторkyn.kz
- 7 қаңтар, 2025