Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ильхам Әлиев: “Ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтар өлімінің өтеуі - Ресейдің мойнында!"

Ильхам Әлиев: “Ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтар өлімінің өтеуі - Ресейдің мойнында!"
Сурет: idman.biz
Сонымен қатар, қара жәшіктерді декодтау процесі жүріп жатқанын еске салды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж отбасымен және тірі қалған бортсеріктермен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі alach.kz сайтына сілтеме жасап.

“Әзірбайжан азаматтарының өлімі Ресейдің мойнына жүктеледі (Ақтаудағы ұшақ апаты - ред.). Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілерді жазалауды талап етеміз, толық ашықтықты талап етеміз”, - деді Әзірбайжан президенті.

ӘЗІРТАДЖ хабарлағандай, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев бұл туралы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж отбасымен және тірі қалған бортсеріктермен кездесуінде айтты.

Сонымен қатар, қара жәшіктерді декодтау процесі жүріп жатқанын еске салды.

"Жақын арада біз алдын ала нәтижені білетінімізге және бәрі өз орнына келетініне сенімдімін, болған қайғылы оқиғаның барлық жай-жапсары белгілі болады", - деді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар