Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жел күшейіп, тұман түседі”: синоптиктер 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

“Жел күшейіп, тұман түседі”: синоптиктер 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: vitvesti.by
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

7 қаңтардан бастап еліміздің басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді. 

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, боран, кейде қалың қар болжанады;

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады;

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

8 қаңтарға қараған түні батыс антициклон әсерінен ауа температурасын күрт төмендейді:

түнде республиканың солтүстік жартысында 15-25 градус аязға дейін,

оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін,

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күтіледі;

Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: елдің солтүстік жартысында 0-5 градус аязға дейін болса, оңтүстікте 0-5 градус жылы температураға дейін көтеріледі.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар