Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қайрекең ыдыс сындыратын”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі қандай болғанын айтты

“Қайрекең ыдыс сындыратын”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі қандай болғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ұрыс кезінде тыныш тұра тұру керек, эмоцияға берілмеу керек

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мінезінің қандай болғанын Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тележүргізугі күйеуі қайтыс болған соң өмірі дейін және кейін болып екіге бөлінген. 

“Кез келген ер азаматтың ашуы әр қалай. Біреу айғайлайды, біреуі ыдыс сындырады, енді біреуі шапалақпен тартып жіберуі мүмкін. Қайрекең ыдыс сындыратын. Қатты ашуланғанда үстелдің үстінде тұрған дастарханды тартып қалады. Үстінде қандай ыдыс, қандай тамақ тұр бәрі құлап, сынуы мүмкін. Адамның сырын білген соң  сен оны сондай жағдайға жеткізбеуге тырысасың”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол марқұм күйеуінің кезінде өзіне айтқан ақылымен бөлісті.

“Қайрат ашуланғанда екінші тарап сөз қайтарғанды ұнатпайтын. Бірақ тез басылады. Артынан “жүр шәй ішеміз” деп шақырып, бәрін ұмыта салады. Мұны ол өз балаларына да айтады. Ашулы екенін көріп тұрсаң, сөз қайтарма. 5 минут тыңда, одан кейін ашуы басылады. Басқа үйге келгенде өз принциптеріңді ұмыту керек. Біздің қателігіміз сол. Мәселе, сенің төмендей салуыңда немесе сол үйдің заңына бағынуыңда емес. Мәселе – сөйлесе алуда. Ұрыс кезінде тыныш тұра тұру керек, эмоцияға берілмеу керек”, - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар