Айыппұл салу үшін ереже бұзылған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.
Қыс кезінде көлікті алдын ала жылыту – қазақстандықтар үшін әдеттегі жағдай. Алайда ұзақ уақыт көлікті қыздыру жанармай шығынын арттырып қана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуіне себеп болады.
Осыған байланысты елімізде тұрғын үй маңында қозғалтқышы қосулы көліктің 5 минуттан артық тұруына тыйым салынған.
Ережені бұзған азаматтар 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Жүргізуші ережені екінші рет бұзса, 10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл төлеу керек.
Айта кетсек, айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген бейнежазба болуы керек. Оның ұзақтығы 5 минуттан асуы тиіс.