«Жауын-шашын, көктайғақ болады»: 9-11 желтоқсан арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қаңтар, 2025
- 625
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
9-11 қаңтар аралығында республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғып, қар жауады. Ал батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады.
Астанада 9 қаңтарда ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде аздаған қар жауып, бұрқасын соғады.
10 -11 қаңтарда жауын-шашынсыз, бұрқасын болады.
9 қаңтарда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.
10-11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ орын алады.
Елдің солтүстік жартысы: ауа температурасы -15°С-тан -25°C-қа дейін, түнде -10-18°C-қа дейін ауытқиды. Оңтүстік бөлігі: температура -10-нан -15°С-қа дейін өзгереді. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында: ауа температурасы -20°С-тан -25°С-қа дейін ауытқиды, түнде -5-13°С-қа дейін, таулы аймақтарда -16°С-тан -21°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Қазақстанның батыс аймағында ғана ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.
Сондай-ақ, ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.