Әншіні оқырмандары құттықтап, тілектер жазуда
Белгілі әнші Роза Әлқожа алғаш рет әже атанды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қуанышты жаңалығын өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қайырлы күн!
Әже боп ояндым, шүкір!
3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет!
Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, тілектерін білдірді.
Олар "Оо Роза ханым, немереңіздің өмір жасы ұзақ болсын!", "Күшті жаңалық екен, немере құтты болсын", "Бауы берік болсын", , "Құтты болсын! Сәбидің бауы берік болсын! Бақытты ғұмыр тілеймін! Бізге де жұғысты болсын" деп жазды.
Айта кетсек, Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыс 2023 жылы 15 қарашада үйленген болатын.