Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, денесін өртеді

Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, денесін өртеді
Сурет: oxu.az
Оқиға орнында өртенген мәйіттің қалдықтары табылды

Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, денесін аулада өртеп жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

KöpSöz мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны психикалық күйзеліс жағдайында 12 қаңтар күні сағат 02:50 шамасында анасына пышақ сұғып, ауыр дене жарақатын салды. 1994 жылы туған ер адам кейіннен Ж.Жабаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына денені шығарып, өртеп жіберген.

Оқиға орнында өртенген мәйіттің қалдықтары табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар