12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырып кеткен Air Astana сотта тағы жеңілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қаңтар, 2025
- 1.6k
12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, әуежайда тастап кеткен Air Astana бұл оқиғаға қатысты іс бойынша апелляциядан да жеңілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әуе кемесі «ұшақта орын жетпеген» қыздың анасына берілетін моральдық өтемақыны бес миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін азайтуды сұрады. Бүгін Air Astana компаниясының өтінішін қарау аяқталды.
Адвокат Данильхан Шағатаев әлеуметтік желідегі парақшасында апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырғанын жазды. Сот үкімі бойынша, компания Зеренің анасына материалдық өтемақы ретінде бес миллион теңге төлеуі тиіс.
Бұл оқиға Air Astana-ның еншілес компаниясы FlyArystan-да болған. Компания қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушыны Астана әуежайында жалғыз қалдырып кеткен болатын.
Айта кетсек, өткен жылдың 20 шілдесінде Зере және Зәуре есімді егіздер АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен.
Бұл мәселені қызметкерлер шеше алмай, бала Астана әуежайында жалғыз қалған. Осылайша Зере тек келесі күні ұшып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы көпқабатты үйден табылған сәбидің анасы ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қаңтар, 2025