Жан Ахмадиев Шерзат Болаттың әпкесіне қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қаңтар, 2025
- 1.1k
Талғарда аяусыз өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова елде қалатын болды. Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бақыт Реимованың «Митингке үндегені үшін» депортация жасалатыны айтылған болатын.
«Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалатын болды. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтінішхаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынып, Бақыт Реимоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына кассациялық наразылық келтіру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын ЖС шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет!», - деді Жан Ахмадиев.