Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Адамның өзін қорлауы»: ҚМДБ Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәлімдеме жасады

«Адамның өзін қорлауы»: ҚМДБ Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: pravmir.ru
Ер адамның әйелге еліктеуі шариғатымызда тыйым салынған

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) квадроберлерге қатысты пәтуаны жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚМДБ мәліметінше, квадроберлік — бұл адамның жануарларға еліктеуі, яғни маска, құйрық немесе құлақ киіп, олардың қимыл-әрекетін, өмір сүру салтын қайталауы. Алайда шариғат бойынша, адам ақыл мен сана иесі ретінде басқа жаратылыстардан үстем етілген.

«Осы аяттардан түсінетініміз, адамның өзін жануарға ұқсатуы, оның деңгейіне түсуі, төрт аяқтап жүруі — бұл ерекшелік емес, қайта адамның өзін қорлауы болып саналады. Тіпті әйелдің ер адамға, ер адамның әйелге еліктеуі шариғатымызда тыйым салынған», – деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Дегенмен адамды жануарға метафоралық мағынада теңеу (мысалы, батырды арыстанға, айлалы адамды түлкіге теңеу), сондай-ақ театр қойылымдары мен балалар ойындары квадроберлік ұғымына жатпайды.

«Квадроберлік, яғни жануар деңгейіне түсу, олардың дауысы мен әрекеттеріне еліктеу шариғатта қатаң тыйым салынады», — деп қосты ҚМДБ.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар